|
Құранды аяғымен таптаған блогер тұтқындалды
|
Түркия тәртіп сақшылары Твиттер әлеуметтік желісінде қасиетті Құранды аяғымен таптап түскен суретін орналастырған әйелдің қолына кісен салды. Бұл жайында Азан.кз ақпарат көзі хабар таратты. Қасиетті кітапты қорлап, тұтқынға түскен әйелдің жасы 38-де. Оның 5000 жазылушысы бар екен әрі өзін тек адамдарды құрметтейтін атеист деп санайды. Осы сұмдыққа байланысты Анкара қаласының әкімі оның үстінен шағым түсірген. Блогер әйелдің аты-жөні айтылмағанымен оның Ыстамбұл шаһарының тұрғыны екені белгілі болды. Оны артынша босатып жіберген. Бірақ ол сонда да: «Маған жала жапты әрі қоғамды жікке бөлді» деп арызданған көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)