Құран өртеуге байланысты жаппай наразылық акциясы орын алды (видео)
Құран өртеуге байланысты жаппай наразылық акциясы орын алды (видео)
4 жыл бұрын 10538 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Швецияның Мальма қаласында исламофобтар қасиетті Құранды өртегеніне наразылық акциясы кезінде жергілікті тәртіп сақшылары мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс орын алды. Дәлірегі, наразылыққа шыққандар жолды жауып тастаған. Бұл жайында STV телеарнасы хабар таратты. Тамыз айының 28-і күні кешкісін басталған наразылық акциясы түні бойы толастамаған. Шамамен 20 адам тұтқындалып, бірнеше полиция қызметкері жеңіл жарақат алған. Аталмыш наразылық акциясына жергілікті биліктің тыйым салғанына қарамастан Мальмадағы даттардың «Қатаң бағыт» деп аталатын оңшыл экстремистік партия жетекшісі Расмус Палуданның қасиетті Құран данасын Ислам орталығы алдында өртегені себеп болды. Аталмыш партия Даниядан барлық мұсылманды қуып, ел аумағында исламды еске түсіретін бірде-бір белгі қалдырмауды алдына мақсат етеді. Расмус Палудан Құран өртеген әрекетін таспаға тартып алып, әлеуметтік желіге жүктеген екен.

 

0 пікір
Мұрағат