Құқық қорғаушылар альбиностарды кемсітуге қарсы тегеурінді, тиімді шаралар қабылдауды талап етуде
Құқық қорғаушылар альбиностарды кемсітуге қарсы тегеурінді, тиімді шаралар қабылдауды талап етуде
2 жыл бұрын 929 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Құқық қорғаушы ұйымдар күллі әлем бойынша альбиностарды кемсітуге қарсы тиімді күрес жүргізуге әрі тегеурінді шаралар қабылдауға шақырды. Дәлірегі, альбиностардың құқығын бұзатындардың бассыз әрекетіне тойтарыс беруді талап етіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан маусым айының 13-і күні «Альбиностар туралы ақпаратты таратудың халықаралық күні етіп жарияланған әрі бекітілген. Мұндағы мақсат осы санаттағы адамдарды кемсітуге және оларды қуғындауға тосқауыл қоюға саяды. Туабітті әрі тұқым қуалайтын, сирек кездесетін бұл дерт генетикалық ауытқумен тікелей байланысты. Атап айтқанда, альбиностардың бойында туғаннан меланин пигменті болмайды. Меланин пигменті терінің, шаштың, т.б. түсіне жауапты. Дәлірегі, денеде меланин пигментінің жетіспеушілігінен туындаған, терінің, шаштың және көздің диффузды гипопигментациясын тудыратын жұқпалы емес ауруКүн көзі мен жарыққа терісі тым сезімтал келеді, сол себепті, тері обырына шалдығу қатері қалыпты адамдарға қарағанда бірнеше есе жоғары. Пигмент тапшылығын жоюдың немесе бұл дерттен сауықтырудың тиімді әдісі әлі табылған емес. Міне, осындай себептерге байланысты альбиностардың дені 30-40 жасында бақилық болып жатады, яғни, ғұмыры қысқа келеді. 2006 жылдан бері осы уақытқа дейін әлемнің 30 елінде альбиностардан 700 адамның құқығы өрескел бұзылған.  Статистикалық мәліметке жүгінсек, еуропалық нәсілге қарағанда зәңгілердің арасында осындай кемістікпен туатындар көп екен. Нақты санмен өрнектегенде, альбиностардың қарасы еуропалықтарға қарағанда зәңгілердің арасында алты есе көп. Яғни, 3000 негрдің біреуі альбинос болып табылады. Бұл да туыстық некеге көп баратын африкалықтардың арасында кездесетін дерттердің бірі.  Альюиностар саны туралы нақты мәлімет жоқ, десе де шамамен 17 мың адамның біреуі альбинос болады. Яғни, 17 мың адамға 1 альбиностан келеді.

P.S: Әлем бойынша альбиностардың құқығы өте жиі бұзылатын ел – Африка құрлығындағы Танзания мемлекеті. Соңғы дерекке қарағанда, аталған елде елуге тарта альбинос ашкөздік пен соқыр наным-сенім құрбаны болған. Африкада альбиностар «бақытсыздық әкеледі» деген жаңсақ ұғым қалыптасқан. Тек соқыр наным-сенім ғана емес, сонымен қатар, пайдаға кенелгісі келетіндер де альбиностардың сорына айналған: альбиностардың ағзалары мен дене мүшелері қара базарда қыруар ақша тұрады, тіпті, шашына дейін талап әкетеді. Мысалы, альбиностың бір қолының өзі шамамен 1,2 мың доллар тұрады.

Ұқсас материалдар:

«Қараңғылықтың, саясаттың құрбаны болған альбиностар өздерін қорғауды сұрап, мұң-зарын жеткізді» (https://islam.kz/kk/news/alem/qarangylyqtyn-sayasattyn-qurbany-bolgan-albinostar-ozderin-qorgaudy-surap-mun-zaryn-jetkizdi-11921/#gsc.tab=0);

«Малави мұсылмандары нышаны бар адамдарды қорғайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/malavi-musylmandary-nyshany-bar-adamdardy-qorgaidy-1960/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат