Құқығыңды қорғауға көмектесетін мобилді қосымша құқықтық мемлекет құруға септеседі
|
Алиса Насрин есімді адвокат 2016 жылы іске қосқан "Өз құқыңды біл" атты мобилді қосымша патриархалдық тәртіп үстемдік еткен саудиялық әйелдердің арасында танымал қосымшаға айналды. Аталған қосымшаны 55 мыңнан аса әйел өз телефондарына жүктеп алған. "Әр келген сайын, әр кездескен сайын әйелдердің, тіпті, шетелде оқып келген әйелдердің өздері де құқықтарын білмейтінін байқап қаламын. Мұндай ой сол кезде келген еді. Жаңа заңдар мен ережелерді жариялап тұрсам",- деді заңгер. Айта кетейік, Сауд арабиясында шариғат талаптарына, сондай-ақ, королдің жарлықтары мен нұсқаулары қатаң сақталады. Аталған елде бұл қосымша әйелдердің жұмысқа тұруына, еркін саяхаттауына, білім алуына, ем қабылдауына, автокөлік жүргізуіне көмектесіп қоймай, сонымен қатар, зорлық-зомбылық, ажырасу, балаларға қамқор болу, мұра мәселесінде де өздерін толғандырған сауалдарға жауап таба алады.