Құмар ойын мен кісі өлімі бейнеленген видео ойындарға тыйым салынды
|
Қытай билігі өткен жылдың 9 айында ойын шығаруға рұқсат бермеді. Биыл өткен жылғыдай "бұғаттау" болмағанымен ойын шығаруға қойылатын талап күшейтілген. Қытайдың баспасөз және байланыс істері жөніндегі мемлекеттік басқарма енгізген жаңа ережеге сәйкес бұдан былай құмар ойын мен кісі өлімі, дәлірегі, адам мүрдесі, адам қаны, сондай-ақ, қытайдың империялық өткен кезеңін бейнелейтін ойындар шығаруға қатаң тыйым салынған. Десек те, адам мәйіті мен қанын бейнелеуге бұрын да тыйым салынған болатын. Алайда, ойын құрастырушылар бұл шектеуді айналып өтетін еді. Мысалы, қанның түсін басқа түске бояп немесе қанның орнына өзге сұйықтықты бейнелеп келген еді. Ендігі жерде ойын құрастырушылардың бұл қулығы да өтпейтін болды. Айта кететін жайт, 2017 жылы аталған ел аумағында видео ойындардың шамамен 37%-ы осындай талаптарғ сай болмай шыққан.