Қуаты 3,,5 Гвт-қа жететін энергетикалық арал салынады (видео)
Қуаты 3,,5 Гвт-қа жететін энергетикалық арал салынады (видео)
2 жыл бұрын 1354 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды арал теңіздегі жел электр станцияларына қосылу үшін инфрақұрылымды қамтиды. Бұл туралы islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгиялық Elia компаниясы ел жағалауын жақын орналасатын Елизабет ханшайымының құрметіне аталған жасанды аралдың құрылысына алғашқы келісім-шарттар жасағанын жариялады. «Энергия аралы» елдің теңіздегі жел энергетикасының инфрақұрылымын біріктіріп, Белгия, Ұлыбритания және Данияның энергетикалық жүйелерін бір-біріне жалғайды. Аралды жасау үшін компания мамандары теңіз түбінде бірқатар бетон конструкциялары бар сыртқы периметрлі қабырғаны тұрғызып, содан кейін аумақты құммен толтыруды жоспарлап отыр. Аралда электр қуатын тасымалдауға арналған инфрақұрылым, электр қосалқы стансалары мен трансформаторлар орналасады. Екпіні пен арыны қатты толқындардан, желден, жаңбырдан және су тасқынынан қорғау үшін барлық ғимараттар биік бетон қабырғалармен қоршалады. Аталмыш компания құрылыс жұмыстарын 2024 жылы бастап, аралды 2026 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай ол Белгия жағалауында орналасқан барлық жел электр станцияларына және көршілес елдердің электр жүйелеріне қосылады. Аралда, сонымен қатар, қызметкерлерге баруға және техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін айлақ пен тікұшақ алаңы болады. Жасанды арал Елизавета ханшайымның энергетикалық аймағына қызмет етеді. Бұл өңір ел жағалауынан шамамен 45 шақырым қашықтықта орналасқан Белгиядағы екінші ең үлкен желді аймағы. Бұл аудандағы барлық жел электр стансаларының болжанған қуаты 3,5 ГВт құрайды.

0 пікір
Мұрағат