Қоры таусылмаса да аса ірі газ кеніші жабылады
Қоры таусылмаса да аса ірі газ кеніші жабылады
2 жыл бұрын 1189 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нидерланды билігі батыс Еуропада орын тепкен Гронингендегі ең ірі кен орнынан 2024 жылдың қазан айынан кешіктірмей газ өндіруді тоқтатуды жоспарлап отыр. Британдық Financial Times мерзімді басылымында жарияланған сұхбатында аталған елдің экономика және климаттық саясат министрлігінің статс-хатшысы Ганс Вейлбриф осылай деп мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Голландия билігі үшін ең қолайлы сценарий бойынша бұл кен орнын биылдан қалдырмай жабу қарастырылғанымен Еуропадағы энергетикалық дағдарыс жер сілкінісі қаупіне қарамастан, оның жұмысын 2024 жылдың қазан айына дейін ұзартуға мәжбүр етуі мүмкін. Осы орайда 1980 жылдардан бері бұл аймақта жыл сайын 100-ге дейін жер асты дүмпулері тіркелетінін, оның ішінде магнитудасы 3,6-ға дейін зілзала болып тұратынын айта кету керек. 1963 жылдан бері газ өндіріліп келе жатқан Гронинген кен орны 2013 жылы ең жоғары деңгейде - 50 миллиард текше метрден астам газ өндірілді. Қазіргі уақытта үкіметтің шешімімен ондағы газ өндірісі жылына 2,8 миллиард текше метрге дейін шектелген. Кен орнын Royal Dutch Shell және Exxon Mobil арасындағы бірлескен кәсіпорын NAM басқарады. Министрі сөз арасында АҚШ, Норвегия және Катардан газ импорттау бойынша жасалған келісімдер аясында Гронинген кен орны жабылғаннан кейін Нидерландының газ тапшылығын тартпайтынын мәлім етті. Бұдан бөлек, 2022 жылы Нидерландыда газды тұтыну алдыңғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға төмендегенін атап өтті. Сонымен бірге, ресми өкіл Голландия үкіметі компанияларды Солтүстік теңіздегі жаңа газ кен орындарын игеруге тарту үшін ынталандыру шараларын қолға алатынын жасырмады.

0 пікір
Мұрағат