Қорғанысқа арналған әлемдік шығын 2 трлн долларға жақындады. Мұсылман елдері арасында әскери шығыны ең көп ел...
Қорғанысқа арналған әлемдік шығын 2 трлн долларға жақындады. Мұсылман елдері арасында әскери шығыны ең көп ел...
5 жыл бұрын 2253 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша қорғаныс пен қауіпсіздік саласына бөлінетін қаржы 1,8 трлн долларға жеткен. Алдағы 10 жыл ішінде әлемдегі әскери шығын жылына кем дегенде 1,5-2%-ға артып отырады. Бұл жайында Jane's талдау агенттігінің зерттеу нәтижесінде айтылған. Әскери сарапшылардың келтірген дерегіне қарағанда, жалпы әлемдік әскери шығынды жылдарға шаққанда 2018 жылы 6%-ды құраған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш бар-жоғы 1%-дан аспаған. Еуропа елдерінің әскери шығыны 5,2%-ға артқан. Бұл бағытта алғашқы ондыққа кіретін елдер арасында АҚШ көш бастап тұр – жылына 726 млрд доллар. Екінші орынға Қытай халық республикасы жайғасқан - 217 миллиард доллар, ал үшінші орынға Саудия мен Үндістан табан тіреген – 57 млрд доллар. Одан кейінгі орыннан Ұлыбритания көрінген – 56 млрд доллар. Франция – 53 млрд доллар. Германия мен Ресей Федерациясы місе тұтқаны – 48 млрд доллар. Жапония – 45 млрд доллар. Оңтүстік корея – 41 млрд доллар.

0 пікір
Мұрағат