Қорғану мүмкіндігі кеңейтілді
Қорғану мүмкіндігі кеңейтілді
3 жыл бұрын 1033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының жоғарғы сотының қаулысына сәйкес үйге шақырусыз келген, рұқсатсыз енген қаскүнемнен қорғану жолдары кеңейтілген, тіпті, қаскүнем үй тұрғындарына қол жұмсамаса да немесе үй тұрғындарының денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмесе де қорғануға мүмкігдік беріліп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Осы уақытқа дейін қолданыста болған ереже талаптары бойынша үй тұрғындары өзерін ұрып-соққанда, тонағанда, зорлық-зомбылық көрсеткенде ғана өз-өзін қорғауға рұқсат етілген. РФ жоғарғы соты бұл тізімге «тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс, зорлық-зомбылықсыз, қорғаушының немесе басқа адамның өміріне қауіпті заңсыз кіруді» қосты. Яғни, үй қожайынының қалауынсыз үйге енген адам автоматты түрде қылмыскер атанады. Бұған қоса, қаскүнем үйге енбесе де, мәселен, алыста тұрып үй тұрғындарына немесе отбасы мүшелеріне қару кезенсе қорғануға қақылы болады. Өміріне тікелей қауіп төндіргені үшін. Ал қорғану шегі белгіленген талаптардан асса, сот айыпталушының пайдасына үкім шығарады.

Ұқсас материал:

«Қорғану үшін қашуды емес, қарсы тұруды ұсынатын заң жобасы қарастырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/qorganu-ushin-qashudy-emes-qarsy-turudy-usynatyn-zan-jobasy-qarastyrylady-16382/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат