Қоқыс зауыты туристердің көзайымына айналды
Қоқыс зауыты туристердің көзайымына айналды
10 жыл бұрын 4909

Әдетте зауыттар, соның ішінде қоқыс өңдейтін зауыттар қараған адамды құлазытып жіберетіндей сұрықсыз келеді емес пе. Ал австриялық әйгілі Фриденсрайх Хундертвассер есімді сәулетшінің төл туындысы болып табылатын әлемде кездеспейтін, ертегідей ерекше қоқыс өңдейтін зауыт Вена қаласының көркін келтіріп тұр. Дизайны бөлек бұл зауытты зауыт деп айтуға да ауыз бармайды, тура бір сарай ма дерсің. Оған қоса, балалар ойын алаңы және бар. Футуристік дизайнды телемұнарасының өзі неге тұрады? Ал сәулетшінің өзі қоршаған ортаның, экологияның жақсаруы үшін күресіп келе жатқан жан. Ол басында зауыттың жобасын сызуға келісімін бермеген көрінеді. Алайда, аталмыш зауыт экологияға ешқандай зиян келтірмейтініне сендіргеннен кейін келісімін берген екен. Қоқыс зауытының құрылысының өзгешелігі оның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді. Ең басты артықшылығы осында. Сәулетшінің талап етуімен ауыр металдарды өңдеу кезінде бөлінетін улы заттарды, күкірт диоксидін, т.б. заттарды қоршаған ортаға жібермей ұстап қалатын қосымша сүзгі орнатылған. Әуелгі бағасынан екі есеге қымбатқа түскен жоба болды бұл. Аталмыш зауыт жылына 265 мың тоннаға дейін қоқыс өңдейді. Өндіріске қажетті энергияны да өзі өндіреді. Жанған қоқыстан бөлінетін жылу 60 мың пәтерге жетеді. Сәулетшінің өзіне келсек, ол 2000 жылы Тынық мұхитының үстінен ұшып бара жатқанда «Queen Elisabeth II» жолаушылар лайнерінде көз жұмды. Сүйегі Жаңа Зеландияның Тюльпан ағашының саясында жерленді. Ал аталмыш қоқыс өңдейтін зауытқа туристер қаптап келетін көрінеді. Осы зауыттың көмегімен Вена қаласы Еуропадағы экологиясы ең таза шаһар атанды.

0 пікір
Мұрағат