Қоныс аударушыларға 10 мың доллардан төлейді. Үш жыл қатарынан
Қоныс аударушыларға 10 мың доллардан төлейді. Үш жыл қатарынан
6 жыл бұрын 3212 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италияның солтүстік-батысында орын тепкен Локана елді-мекенінің басшылығы жаһанға жар салып отыр: осы шағын қалаға келіп қоныс тебетін әрі ұрпақ өрбітетін жаңа тұрғындарға үш эыл қатарынан 9 мың еуро (10 200 доллар) жәрдемақы төлейтінін. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш қала әкімі Джованни Бруно Маттиет бұл үндеуін алдымен Италия аумағында тұратын ел тұрғындары мен шетелдіктерге бағыттаған болатын. Артынан бұл үндеуін ел аумағынан тысқары тұратын шетелдіктерге да тастады. Қала басшылығы мұндай қадамға Локана тұрғындарының соңғы жылдары күрт кеміп кетуіне байланысты барып отыр. Қазіргі уақытта қалада бар-жоғы бір жарым мыңға жетпейтін тұрғын бар. Жергілікті тұрғындардың дені ірі қалаларға ағылып, нәтижесінде ондаған дүкен, мейрамхана, т.б. қызмет көрсету орындары жабылған, ол ол ма, қаладағы жалғыз білім беретін мектепке де жабылу қаупі төніп тұр. Жыл сайын Локанада 4 адам бақилық болады, ал дүниеге келетіндер қарасы 10 баладан аспайды. Қала басшысы уәдесінде тұрса, бұл елді-мекенге қоныс аударған жаңа тұрғындар үйден шықпай-ақ жұмыс істеуіне  болады немесе қаласа, арнайы штатқа алынады. "Біз негізінен жас адамдар мен мамандарды тартуды көздеп отырмыз. Локана тұрғындары аз болғанымен күллі Италияны ресурспен қамтамасыз етіп отырған гидроэлектростанцияға ие. 

0 пікір
Мұрағат