Қолма-қол ақшамен төлеу құқығын конституцияда бекітуді ұсынды
Қолма-қол ақшамен төлеу құқығын конституцияда бекітуді ұсынды
1 жыл бұрын 889 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Венгрияда қолма-қол ақшамен төлем жасау құқығын конституцияда бекіту туралы ұсыныс айтылды. Парламент депутатының аузымен. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның бұл бастамасы кейінгі кезде цифрлық төлемнің кеңінен тарауына байланысты көпшілік орындарда қолма-қол ақшамен есеп айырысудан бас тартушылар қарасының өсуіне байланысты көтеріліп отыр. Сауда орындарының қожайындары мен өзге де сервсистік орталықтар кез келген төлем түрінде қызмет көрсетуі тиіс. Венгрлік депутаттың талабы цифрлық төлемнен бас тартуды білдірмесе керек. Осы орайда мұндай бастама Еуропаның тағы бір елінде – Австрияда да көтерілгенін айта кетпекпіз. Алайда, Австриядағы бастама қолдауға ие болмағандықтан аяқсыз қалған еді. Әлемнің көптеген елінде ақша айналымы туралы заңнамаға сәйкес құнсыз болса да бір тиын секілді қара бақырмен сауда жасаудан бастартқандар жауапқа тартылады.

0 пікір
Мұрағат