|
Қол қондыру отасы жасалды
|
Екі жасында инфекция зардабынан қолынан айырылған сегіз жастағыСион Харви есімді балаға алғаш рет қол қондыру отасы жасалды. Бұл ота үстіміздегі жылдың шілде айының бас кезінде жасалған, алайда, ол туралы ақпарат енді жарық көрді. АҚШ-тағыПенсильвания университетінің медицина ғалымдары, дәлірегі, Л. Скотт Левин бастаған 40 маман 10 сағат ота жасаған. Олардың айтуынша, жалғанған қол баланың ағзасымен бірігіп кетеді әрі баламен бірге жетіліп, өсетін болады. Ол ол ма, қол жалғанған бала уақыт өте келе құрбы-құрдастарымен доп ойнайтын болады. «Ересек пациентке екі қол қондыру отасы алғаш рет 2011 жылы жасалды. Біз балаға мұндай ота жасаған кезде оның технологиясын қолдандық»,- деді Левин.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Ойдың адамды жегідей жейтіні – биологиялық жасын кемітетіні белгілі болды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді
■
Елімізде Қашағанмен бірдей ірі мұнай кен орны табылды