«Қол кесу» жазасы сынға ұшырады
«Қол кесу» жазасы сынға ұшырады
11 жыл бұрын 7907

Малайзияның Келантан штаты қылмыс істеген адамның денесіне зақым келтіру жазасын қарастырып жатқанда, штат дәрігерлері арасында «Ұрылардың қолын кесу» жазасы сынға ұшырады.

Осы арада бір айта кетерлігі, Малайзияның Ислам партиясы осыдан бірнеше жыл бұрын Келантанда «Ұрылардың қолын кесу» жазалау жүйесін енгізген болатын. Жазаның бұл түрі тек мұсылмандарға ғана қолданылады. Келантан штаты тұрғындарының 90 пайызын мұсылмандар құрайды.

«Дәрігерлік қызмет туралы заңда мұндай міндет қарастырылмаған»,- деді Малайзияның денсаулық сақтау министрі С. Субраманиам мырза.  Министрдің бұлай деуіне Келантан штатының бас министрінің орынбасары Мұхаммед Амар Ник Абдулланың бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген ұрыларды жазалау ісінде дәрігерлердің көмегіне жүгіну турасындағы сөзі түрткі болған еді.

Осы аралықта Малайзияның «Денсаулық сақтау» қоғамы өз мүшелеріне жазалау процедурасына жәрдем бергендерді қатарынан шығаратындарын айтып, ескерту жасап үлгерді.

0 пікір
Мұрағат