Қоғамдық орындарда телефон шұқылауға тыйым салынуы мүмкін
Қоғамдық орындарда телефон шұқылауға тыйым салынуы мүмкін
11 ай бұрын 1310 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Францияның Сена-Порт коммунасының тұрғындары қоғамдық орындарда смартфонды пайдалануға тыйым салуға қатысты дауыс берді. Әлбетте, көшеде немесе көпшілік жүретін жерлерде смартфонды тек біреуге қоңырау шалуға немесе қоңырау шалған адамға жауап беруге тыйым салынбайды. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, көшеде, саябақта, сауда-саттық орындарында, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру орындарында, т.б. жерлерде телефонға шұқшиып, әлемжеліні ақтаруға  тыйым салу турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұдан бөлек, ата-аналар баласы 15 жасқа толғанша оның қолына смартфон ұстатпайтыны жөнінде жазбаша келісім беруі тиіс, тек бір жағдайда – тек тілдесуге немесе хабар алысуға арналған функциясы бар телефонды пайдалануға тыйым салынбайды. Аталмыш ережеге ұзын саны 277 адам дауыс берген екен, яғни, сайлаушылар тізімінің шамамен 20%-ы ғана. Сена-Портта барлығы 2000-ға жуық адам тұрады. Аталған елді мекен әкімшілігі смартфондарды қолданудыңң тәртібі туралы қаулы әзірлеп жатыр. Дегенмен, бұл тыйым кеңес беру сипатында болады, дәлірегі, қатаң шектеу түрінде емес - полицияның смартфон пайдаланатын адамдарды тоқтатуға немесе айыппұл салуға құқығы болмайды, өйткені, мұндай әрекет (жазалау шарасы) ұлттық заңнамаға қайшы келеді.

0 пікір
Мұрағат