Қоғамдық орындарда газет оқуға тыйым салды
|
Марокко билігі қоғамдық орындарда газет оқуға және оны қараусыз қалдыруға тыйым салатын заңды қабылдады. Ел билігі мұндай шешімді газет саудасаның азайғанына және осыған байланысты пайданың кемігеніне қатысты шағым түсірілгеннен кейін қабылдағанын айта кету керек. Бұл жайында «Newsru» ақпарат көзі хабар таратты. Марокканың газет редакторлары федерациясының мүшесі елдегі медиа саласының жылына түспеген пайда түрінде 150 млн доллар шығын көретінін жеткізді. Оның айтуынша, адамдар газет оқымайды емес, оқиды, алайда, қоғамдық орындарда біреу газет оқып отырса, бірнеше адам оның артынан оның газетін оқып, жаңалықтарды біліп алады да газет сатып алмайды. Бұл өз кезегінде газет саудасына зиянын тигізуде. Марокконың байланыс және баспа министрі Мұстафа Халфи газет саласына қаржылай қолдау көрсетіп, газет саудасын жандандыру үшін жарнама мен насихат жұмыстарын жүргізетініне уәде бергендей болды.