Қиыр шығыстағы мұсылман елі медициналық туризмнен бірер жылда табысын бірнеше есеге арттыруды көздейді
Қиыр шығыстағы мұсылман елі медициналық туризмнен бірер жылда табысын бірнеше есеге арттыруды көздейді
10 күн бұрын 1200 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең қонақжай елдердің бірінен саналатын әрі туристер ағылып баратын Малайзия билігі 2030 жылға дейін елдегі медициналық туризм саласының әлеуетін пайдаланып, дәлірегі, алдағы бес жылда жыл сайын 2,7 млрд доллар таабыс табуды мақсат етіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress және The Star ақпарат көздееріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биылдың өзінде, дәлірегі, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында аталмыш ел 1,52 млн шетелдік пациентті қабылдаған екен. Бұл деректі Малайзияның медициналық турзим жөніндегі кеңес келтіріп отыр. Ал 2023 жылы малай еліне медициналық қызметке жүгіну үшін бір млн-нан аса турист келген. Бұл туристер өз кезегінде мемлекет қазынасына 500 млн доллар таза пайда түсірген. Ал ресми түрде өткен жылдың қорытындысы әлі шығарылмаса да алдын ала есеп бойынша 505, 6 млн доллар пайда көрген. Медициналық туризмнен. Негізінен индонезиялық науқастар малайлық медицинаға көп жүгінеді (Қазақстан пациенттерінің Ташкентке ағылғаны секілді). Көрші әрі мұсылман ел болғаны үшін. Дәлірегі, индонезиялық пациенттер қарасы малай медицинасында 80%-ға жеткен. Малай медиццинасы тек сапасымен ғана емес, сонымен қатар, арзандығымен де шетелдіктерді өзіне тартады. Америкалық Insider Monkey қаржы компаниясы жүргізген зерттеу (сауалнама негізіндегі) нәтижесіне қарағанда, Малайзия оңтүстік-шығыс Азиядағы ең туристер көп баратын аймаққа жатады.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4