Қиыр шығыс елі мұсылман туристеріне есігін айқара ашады
Қиыр шығыс елі мұсылман туристеріне есігін айқара ашады
4 ай бұрын 1259 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон билігі елдегі халал индустриясын дамытуға баса назар аударып, мұсылман туризмін дамытуға жан-жақты ықпал етуде. Күншығыс елінің туристік агенттігі аймақтарда шетелдік туристердің діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға және намаз оқитын орындарды құруға, шариғат талаптарына сай ас мәзірін әзірлеуге көмектесетін бағдарламаны бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Sun ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жобаны сәтті жүзеге асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары, туризмді басқару ұйымдары, мейрамханалар мен қонақүйлер Жапония үкіметімен белсенді түрде ынтымақтасады. Осакада сумо тақырыбына арналған жаңа ойын-сауық залы ашылды. Мұнда туристер бұрынғы кәсіпқой сумо балуандарының өнерлерін тамашалай алады, сонымен қатар, халал және вегетариандық нұсқалары бар ас мәзірінен дәм тата алады. Ал әлемге әйгілі «манеки-неко» мүсіншелеріне арналған Окаяма мұражайы маңында намаз оқу орындары бар, халал сертификатына ие азық-түлік орындары да ашылды. Кумамото префектурасында табиғи ыстық бұлақтарда орналасқан және танымал курорт болып саналатын алғашқы халал сертификаты бар рёкан (жапон үлгісіндегі қонақ үй) ашылды.

0 пікір
Мұрағат