|
Қазіргі тайпалардың жантүршігерлік дәстүрлері
|
Ормандарда өмір сүретін тайпалардың адам сенгісіз дәстүрлері бар. Жантүршігерлік әрі қорқынышты сондай дәстүрлердің кейбірімен сіздер де таныс болыңыздар.
Африкада өмір сүретін Фулалы тайпасы буыны қатпаған жастарды ересек өмірге үйрету үшін шыбықпен сабайтын көрінеді. Яғни, тайпаның күректің сабындай ағашты сындыра алатын жас жігіттерін жинап алып, шетінен шыбықтың астына алып шығады. Бұл –жарыс.
Міне, осы жерде адам өзінің Фулалы тайпасының нағыз бір мүшесі екенін дәлелдейді. Аталған жарыстың мақсаты сол – кім шынайы қорыққанын түрінен көрсете алуы керек. Бұдан жеңіп шыққандар тайпа мүшелерінің қатарына қосылады.
Ментавай аралында тіршілік ететін жергілікті халықтың тістерін егейтін дәстүрлері бар екен.
Адам ретінде тайпа қатарына қосылғысы келетін әрбір еркек 4 күн тамақ жемеуі әрі ұйықтамауы керек.
Адам денесіне бұлай сурет салу, шыны керек, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатыр. Ал, мына суреттегі адамның денесіндегі өрнек Папуа Жаңа Гвинеяда өмір сүретін Сепик тайпасының бір мүшесіне салынған. Бұл тайпаның дәстүрлі жиналысында осындай науқан өтіп тұрады.
Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай ересектер денесіне ұстараның көмегімен осылай өрнек салып алады. Бұл аллигатордың денесін еске түсіреді. Не үшін бұлай жасайды десеңіз, бұл адамның өзін ержүрек екенін білдіру үшін жасалатын дүние.
Терілері осындай күйге енгенде ғана оларды нағыз ержүрек санап, еркек атаулының қатарына қосады.
Бразилияда Амазон ну орманында тіршілік етіп отырған Сатер-Маве тайпасының ерекше бір дәстүрі бар. Ол дәстүр де былай болады: ересек өмірге енді қадам басқалы отырған жастар, қолдарына ішіне шаққанда жаныңды көзіңе көрсететін құмырсқалар салынған қолғап киюі тиіс.
Бұл құмырсқалардың шағуы оңайға соқпайды. Бұдан соң қатты ауыруы мүмкін. Құмырсқа шағып, ауыруы жанына батып тұрса да 10 минут бойы қолғапты шешпеуі керек.
Фулалы тайпасының әйелдерінің беттерінде мынадай белгілер болуы тиіс.
Мына қыз осы тайпаның бір мүшесі. Бетіне салынған суреттің өңі кетіп, әбден есейген кезде ғана тұрмыс құруға рұқсат етіледі.
Тынық мұхитының аралдарындағы Бунлап ауылында Гкол деген рәсім өтеді. Ауыл тұрғындары ән салып, би билеп, кейбіреулері барабан ұрады, ең сорақысы ер азаматтар биіктен секіруге дайындалады. Суретте көрсетілгендей арнайы тұрғызылған биік ғимараттан аяқтарына өсімдіктердің сабақтарын байлап секіреді. Олар үшін дене жарақаты, сүйектің сынуы немесе өліп кету қаупі ештеме емес, бастысы кім биіктен секірсе, сол құдайдың рахметіне көібрек ие болатын көрінеді.










