Қазақстанда да танымал ресейлік өнім халал сертификатына ие болды
Қазақстанда да танымал ресейлік өнім халал сертификатына ие болды
1 жыл бұрын 1383 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуразиялық экономикалық одақ аясында еліміздің нарығында ойып тұрып орын алған «Провансаль Слобода» майонезін өндіретін «Ногин тағам комбинаты» шариғат талаптарына сай өнім өндіретінін растайтын халал сертификатына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Ресей сапасы» (Роскачества) құзыретті мемлекеттік мекемесіне жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейдің бірегей брендіне айналған тауарлардің қатары тағы бір халал өніммен толықты. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын алыс-жақын елдерге танымал ресейлік «Крансный Октябрь» кондитерлік өнімдерінің бірталайының халал сертифкатына ие болғанын хабарлаған едік (қараңыз: «Ресейдегі танымал өнім халал сертификатына ие болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/reseidegi-tanymal-onim-halal-sertifikatyna-ie-boldy-19306/#gsc.tab=0).

0 пікір
Мұрағат