Қазақстан әскеріне жалпақ табан бозбалаларды да алатын болды
Қазақстан әскеріне жалпақ табан бозбалаларды да алатын болды
11 жыл бұрын 5417

Елімізде әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілді. Осылайша биылдан бастап, кейбір сырқат түрлері әскерге жарамсыз етпейтін болды. Мәселен, бұрын созылмалы гастрит бойынша 3 жылға дейін әскерге бармауға болатын. Қазіргі уақытта бұл мерзім екі жылға шегерілді, яғни, бір жылға дейін қысқартылды. Отан алдында борышын өтеуге шақырылған бозбалалар ендігі жерде осы талап бойынша іріктеледі. Сондай-ақ, бұрын артрозы бар екінші дәрежелі жалпақ табан да кінәрат болып саналатын. Ендігі жерде әскерге бармауға бұл сырқат түрі де себеп бола алмайды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, осындай талап енгізді. Сонымен қатар, көз, құлақ ауруларына да осындай талаптар қолданылатын болады.

Десе де, әскер қатарына шақырылатындардың қарасы бұдан артып кеткен жоқ. Қарағанды облыстық әскери комиссиарат медкомиссиясының аға дәрігері Игорь Журавкиннің айтуынша, бозбалалардың бойынан өзге сырқат түрлері байқалуда. Атап айтқанда, жастардың көбісі жүрек-қан тамырлары ауруымен, сусамырмен, демікпемен ауырады екен. Омыртқасы қисайғандардың да, жүйке жүндей түтілгендердің де қарасы көп болып шыққан.

Көктемгі әскер қатарына шақыру маусым айына дейін созылады.

2 пікір
Мұрағат