Қаза болғандарды ақтық сапарға мұсылман ғұрпымен де, христиан жоралғысымен де шығарып салды
|
Италияда осы уақытқа дейін ел естімеген ерекше жерлеу рәсімі өтті. Тарқатып айтқанда, Нигерияның 26 жас азаматы (олардың арасында 14 жастағы жасөспірімдер де бар) Ливиядан Еуропаға Жерорта теңізін резеңке қайықпен жүзіп өтпек болғанда суға батып, опат болды. Қараша айының 3-і күні қаза тапқандардың мәйітін испан құтқарушылары судан шығарып алды. Сонымен қатар, тағы бастарын қатерге тіккен 64 жолаушы хабар-ошарсыз кеткен. Тек қаза тапқандардың екеуін ғана тану мүмкін болды. Ол екеуі де жүкті әйелдер болатын. Нигерия билігі бұл қайғылы оқиғаны орны толмас қаза деп бағалады. Қаза тапқандардың қандай дінді ұстанатыны турасында мәлімет болмағандықтан оларды ақтық сапарға мұсылман ғұрпымен де, христиандардың жоралғысымен де шығарып салды. Яғни, бақилық болғандардың жаназасын имаммен қатар священник те шығаруға тура келген. Өйткені, Нигерия халқының жартысы мұсылман болғанымен, қалған жартысы христиан сенімінде. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, қаза тапқан нигериялықтардың жаназасын архиепископ Салерно Луиджи Моретти мен имам Әбдірахман ес-Сба шығарған.