“Қасын” керген мысық ғаламтор жұлдызына айналды (фото)
|
Қожайындары оны британиялық поп әнші Гэри Барлоуға ұқсатады екен. Cол себепті Гэри атанған марғау ғаламтор жұлдызына айналған.
Төрт аяқтыны осыншалық атаққа бөлеген оның маңдай тұсындағы қара «қастары», деп жазады lifenews.ru.
Оның иелерінің айтуынша, олар бастапқыда жаңа туылған ақшыл-сарғылт түсті марғауды таныстарының біріне бермек болған екен. Бірақ артынша сондай сүйкімді көрінген үй жануарын өздеріне қалдырыпты.
Жоғары ноталарды алған кезде қастарын қиғаштап жоғары көтеретін британиялық атақты орындаушы Гэри Барлоуға ұқсап кететін марғауға Гэри есімінің берілуі сол себептен екен.
Ал кішкентай Гэридің маңдай тұсындағы «қастарын» қолдан салынған деп сенбеушілерді оның иелері қонаққа шақыруда. Енд ібасқалардың марғауды өз көздерімен көріп, «қастарын» қолдарымен ұстап көрулеріне болады.
Құйрықты медбике: панасыз сырқат жануарларды күтімге алған мысық (фото)
Кезінде өлім аузынан аман қалған мысық орталыққа жарақаттармен түскен жануарлардың аман-есен жазылып кетуіне бар күшін салады екен. Радаменес есімді мысық мейірімділігімен талайлардың таңдайын қақтырған.
Радаменестің тыныс алу жолдары індетке шалдыққан болатын. Сырқатынан толықтай айыққан мысық Польшадағы панасыз ауыр халдегі өзге мысықтарға бас-көз болады
Мына мысық қатты сырқат болғаны соншалық, көпішілік оның тірі қалуы екіталай деген ойда жүрген
Алайда мысықтың ақырын дыбыс шығаруы оның аман-қалуынының алғашқы белгісі болды
Мысықтың жағдайы жақсара салысымен, Радаменес өзге сырқат жануарларды құшақтап, мейірімін төккен
Ол кез-келген жануарды өзіне жақын тартатын қасиетке ие
Мал дәрігерлері оны қалжыңдап медбике қызметкері атап кеткен
Орталық қызметкерлері мысықты өздерінің тұмары санайды