Мекке қаласында Рамазан айында Сауд Арабиясындағы қасиетті қос мешіт – Әл-Харам мен Мәдинадағы Пайғамбар мешітіне арналған көрме жұмы істейді. Көрме директоры Ахмет бин Мұхаммед әл-Дахилдің айтуынша, көрме залында барлық меймандарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалады.
Мұнда – ислам әлеміндегі қасиетті қос мешіт тарихына қатысты экспонаттар, жәдігерлер, тарихи құжаттар қойылады.
Сонымен қатар, көрме қонақтары осы жерде зәм-зәм суын құйып алуына және Қағба территориясында автобус арқылы тур жасауларына да болады.