|
Қасиетті мешіттің тастары сатылып жатыр
|
Сауд Арабиясының қара базарында нұрлы Мекке мен Мәдина шаһарларындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан қасиетті мешіттерге қаланған тастың сынықтары сатылып жатыр. Мұндай жәдігерлерді бағасы шарықтап тұрғанына қарамастан сатып алушылардың қарасы көп. Бір тастың құны – 40 000 доллар. Исламның қасиетті екі құлшылық үйіне қамқор уақыптар баспасөз қызметінің хатшысы бұл келеңсіздікпен күрес жүргізіліп жатқанын жеткізді. Барлық тас сынықтары арнайы каталогқа салынуда. Олардың кейбіреуін арнайы мамандандырылған сәулет көрмесінен тамашалауға болады. Полицияның мәліметіне қарағанда тас сынықтарын шетелдік жалдамалы жұмысшылар ұрлаған көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды