Қасиетті Меккеде «ЭКСПО Қажылық» өтеді
Қасиетті Меккеде «ЭКСПО Қажылық» өтеді
8 ай бұрын 770 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Mint_Images

Қасиетті Меккеде қажылық пен ұмра көрмесіне қатысты алқалы жиын өтті. Arabnews ақпарат көзіне жөн сілтеген «Ислам астанасы» ресурсы хабарлағандай, бұл жиында қажылық маусымына дайындық жұмыстары пысықталған. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қажылық және ұмра министрлігінің Pilgrim Experience Program бағдарламасымен біріге отырып өткізген, табаны күректей төрт  күнге созылатын көрмесі өз кезегінде 200-ден аса экспонентті біріктірген. Олардың қатарында ойшылдар, кәсіпкерлер, ғалымдар, т.б. бар. Олар болашақта қажылық пен ұмра кезінде мейлінше мінсіз қызмет көрсету, проблемаларды шешу жолдарын іздеу секілді мәселелерді талқылады. Айтулы көрмеге мемлекеттік және жекеменшік сектордан 80-нен астам спикер, сондай-ақ, 70-тен астам елден мәртебелі меймандар, Ислам істері министрлері, қажылық миссиялары мен жоғары комиссиялардың жетекшілері бар жоғары деңгейдегі делегациялар қатысуда. Қажылық және ұмра министрі Тауфық әл-Рәбия бұл шараның бизнес саласына қажылардың тәжірибесін жақсартуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Барлық мұсылман елімен қажылық қызметтері бойынша 60-тан астам келісімге қол қойылады. Қажылық және ұмра форумы қажылық тәжірибесін сараптамалық түсініктермен байыту арқылы тұрақты экожүйені құруға ұмтылады. Ол болашақ бағыттарды белгілеп, әріптестік, келісімдер мен бастамалар мүмкіндіктерін кеңейтеді.

0 пікір
Мұрағат