|
Қасиетті айдың құрметіне 1010 тұтқынға рақымшылық жасалады
|
Біріккен Араб Әмірлігінің президенті Халиф ибн Зайд әл Нахайян қасиетті Рамазан айының құрметіне темір тордың аржағында қылмысына қарай жазасын өтеп жатқан 1010 тұтқынға рақымшылық ету туралы жарлыққа қол қойды. Амнистия арнайы жүргізілген іріктеуден өткендерге ғана қатысты. Яғни, Қылмысының қаншалықты жеңілдігі мен тұтқынның тәртібі қаперге алынды.