|
Қасиетті айда дүкен сөресінде доңыз еті қайдан тұр?
|
Британиялық Morrisons супермаркеттер желісі мұсылмандарды мазақ еткендей қасиетті Рамазан айымен құттықтай отырып, дүкен сөресіне доңыз етін қойыпты. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Express» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Тұтынушы мұсылман «Рамазан айымен құттықтаймыз» деген жазудың астынан доңыз етін аталмыш сауда желісінің бірнеше дүкенінен байқап қалған. Ол бұл көріністі фотосуретке түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастырған. Іле-шала «мұны әдейі істеді ме, әлде өрескел қателік пе» деген сауалдың төңірегінде дау туды. Сауда желісінің басшылары «әдейі істеген жоқпыз», деп ақталғанымен мұсылмандар олардың сөзіне сенген жоқ. Жергілікті мұсылмандар қасиетті айда бір-бірін арандап қалмауға шақыруда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)