Қарыз алуда пайдалануға арнайы құқығы бар жәшікте қандай валюталар айналымда
|
Қытай билігі өздерінің ұлттық валютасын, яғни, юанды интернациоландыру бағытында бірталай жұмыс атқарды. Соңғы жылдар мұғдарында экономикасы қарыштап дамыған елдің юанды әлемдік валютаға айналдыруға күш салып отыр. Осы мақсатта өздерінің қаржы нарығын ашу есебінен де юанның маңызын арттыруды көздеуде. Бұл жайында Қытайдың ұлттық банк жетекшісі Чжоу Сяочуань мәлім етті. «Юанды интернационаландыру процесінде барлық шаралар қолға алынды. Бұл өз кезегінде юанды сауда-саттық пен инвестицияда пайдалануға мүмкіндік береді»,- деп мәлімдеді ол баспасөз мәслихатында. Қаржыгердің айтуынша, әлемдік нарықта юанмен есеп айырысуға әлі де уақыт керек. Десе де Қытай билігі юанның интернационалануына барлық қолдан келгенін жасайды. «Біз ешкімді мәжбүрлемейміз. Әр елдің өз қалауы бар»,- делді артынша Қытай Халық банк басшысы. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Дүниежүзілік валюта қорының атқарушы кеңесі 2015 жылдың қазан айында юанды 2016 жылдың қазан айының 1-нен бастап, SDR жәшігіне енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Тек қытайлар үшін ғана емес, сонымен қатар, әлем қауымдастығы үшін де тарихи шешім болған еді. Өйткені, аталған жәшікке экономикасы дамыған елдерлің валютасы ғана кіреді. Бұл жәшікке доллар, еуро, фунт стерлинг және иен енгізілген.