Қарттарына ерекше құрметпен қараған мемлекет
Қарттарына ерекше құрметпен қараған мемлекет
6 жыл бұрын 3677 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея да әлемде шапшаң қартайып келе жатқан елдердің санатынан. Соған қарамастан өзге елдердегідей қазына қаржысын қарттардан үнемдеу үшін зейнетақы жүйесін "ит тартқан тулақтай" етпей қарттарға барынша жағдай жасаған ел. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, аталған елде жастарға қарағанда қарттардың қарасы әлдеқайда көп. Статистикалық мәлімет бойынша 2018 жылы 14 жасқа толмаған балаларға қарағанда жасы 65-тен асқандардың қарасы 1,4%-ға көп болып шыққан. Яғни, 65-тен асқан қарттар саны пайызға шаққанда - 14,3%, ал 14-ке толмаған балалар қарасы - 12,9%. Бұл жайында кәрістердің YTN телеарнасы хабар таратты. 2017 жылғы статистикалық дерекпен салыстырғанда жастар мен қарттар арасындағы алшақтық пен айырмашылық екі есеге артқан. Яғни, аталмыш елдегі қарттар қарасы соңғы 18 жыл ішінде 7,2%-дан 14,3%-ға дейін өскен. 2018 жылы Оңтүстік Корея тұрғындарының саны 51,63 млн адамға жеткен. Бұл елдегі тұрғынның орташа жасы - 42,6. Соған қарамастан 2019 жылдың сәуір айынан бастап таңғы шық еліндегі қарттардың 20%-ының (1,5 млн-ға тарта қарттың) базалық зейнетақысы 300 мың вонға (266 доллар) дейін арттырылды. 

0 пікір
Мұрағат