Қарттарға қол көтергендердің жазасы қатаңдатылуы мүмкін
Қарттарға қол көтергендердің жазасы қатаңдатылуы мүмкін
4 жыл бұрын 2667 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы жасы 75-тен асқан қарт адамдарға қарсы жасалған қылмысты ауыр санатқа жатқызып, қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Бұл тараптағы заң жобасы Федерация кеңесі тарапынан қолдау тауып отыр. Бұл жайында «Известия» мерзімді басылымына мемлекеттік думаның әлеуметтік саясат, еңбек және ардагерлер ісі жөніндегі комитеттің мүшесі Светлана Бессараб мәлім етті. РФ Бас прокуратурасының келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылы ел аумағындағы қарттарға қарсы 177, 5 мың қылмыс жасалған. Сарапшылардың айтуынша, зейнеткерлер көбінесе алаяқтардың тұзағына түсіп қала береді, сондай-ақ, желіккен бұзақы жастар тарапынан соққыға жығылып, тоналып жатады. «Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен елдің денсаулық сақтау министрлігі жасы 75-тен асқан азаматтарды қарттар қатарына қосып жүр. Бұл жастағы адамдардың көбісінің когнититтік қызметі жоғалады (яғни, психикалық мүмкіндігі – ойлау, түсіну, кеңістікте өздігінен жол табу, бағдарын анықтау, сөйлеу, есептеу, талдау, т.б. қабілеттері турасында айтылып отыр). Бұл өз кезегінде адамның денсаулығына қатысты белгілі бір мүмкіндіктерінің кемуіне алып келеді. Қылмыскерлер қарттардың осындай әлсіздіктерін пайдаланады»,- деп тарқатып түсіндіріп берді депутат Светлана Бессараб.

0 пікір
Мұрағат