Қарттарға арналған университет ашылады
Қарттарға арналған университет ашылады
7 жыл бұрын 3556 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу қаласында қараша айының 1-і күнінен бастап, зейнеткерлер тегін білім ала алатын жоғарғы оқу орны ашылады. Қарттарға арналған аталмыш жоғарғы оқу орны "Күміс университет" деп аталады. Зейнеткерлер бұл жоғарғы оқу орнының қабырғасында шетел тілін, компьютерді басқаруды үйреніп қоймай, сонымен қатар, өзі қалаған мамандық бойынша білім ала алады немесе жетілдіреді. "Біздің мақсат зейнетерлердің шығармашылық және кәсіби жасын ұзартуға саяды",- деп мәлімдеді осынау жобаға бас-көз болған қала халқын  әлеуметтік тұрғыдан қорғау және жұмыспен қамту департаментінің жетекшісі Владимир Петросян. Бұл университетке зейнет жасына шыққандар ғана түсе алады.Білім бағдарламасы Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен бірігіп жасалды. Жыл соңына дейін 2600 зейнеткер білім алатын болады. Дәріс аптасына кем дегенде екі рет өтеді. 

0 пікір
Мұрағат