Қарттар үйінде табысқан жұп
Қарттар үйінде табысқан жұп
10 жыл бұрын 4307

Осы жасына дейін ерлі-зайыптыларға тән отбасылық тірліктің дәмін татып көрмеген 76 жастағы Сақина есімді татар әжесі қарттар үйіндегі мүмкіндікті жіберіп алғысы келмей, өзімен көңіл жарастырған 67 жастағы Ғұсман Уәлиулинмен тұрмыс құрды. 76 жасында... Бұл жайында LifeNews ақпарат көзі хабар таратты.

Сақина әжей жас кезінде ешуақытта жігітпен сөйлеспегенін, ерте таңнан қара кешке дейін жұмыстан қолы босамағанын, оның үстіне, анасының өзін қатал тәрбиелегенін, ер адамның бетіне қарауға тыйым салғанын, түгел-түгел жайып салды. Тіпті, өзін айттырып келгендерді қолына шыбыртқы алып, түре қуып шыққанын да жасырмады. Әжей ендігі жерде өзіне ешкім бөгет жасамайтындықтан осындай қадамға барғанын айта келіп, өмір бойы кемтарлығына қорынып, әйелге сөз айта алмай келген Ғұсманды қалған ғұмырында аялап өтетінін жеткізді. Зейнеткерлер қарттар үйінде танысып, табысып, ақыры некелерін шариғат бойынша қидыруға бел байлайды. Үйлену турасындағы сөзді алдымен Сақина әжейдің өзі бастаған екен. Ғұсман ақсақал «екі жарты – бір бүтін» болып өмір сүруге келісімін берген. «Ол өте жақсы адам. Ішпейді. Шекпейді, барлығына қолғабыс етеді. Өзімді жайсыз сезінгенде қасынан бір елі кетпейтін, біресе шүберекті сулап әкеп маңдайыма басады, біресе лимон қосылған шай әкеледі»,- деді ағынан ақтарылған әжей. Қарттар үйінің директоры Элеонора Серебрякова ерлі-зайыпты қарттарға жеке бөлме бергенін жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат