Қартаю процесі қарқын алған елдегі жасы 100-ден асқан қариялардың қарасы қаншаға жетті
|
Биылғы көрсеткіш бойынша күншығыс еліндегі жасы 100-ден асқан, яғни, ғасыр жасаған қарттар қарасы 71 мыңнан асып кетті. Жапониядағы ұзақ жасайтындар саны, міне, 49 жыл, яғни, жарты ғасырдай уақыт болды, тоқтаусыз артып келеді. Бұл мәлімет қыркүйек айының 16-сы күні – Қарттарға құрмет күні қарсаңында арияланып отыр. Аталған елдің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі тарапынан. Бұл жайында жапондардың Киодо Цусин ақпарат агенттігі хабар таратты. Ғасыр жасаған әйелдер қарасы ерлерден едәуір көп: жасы 100-ден асқан 62 775 жапон қартының жалпы санына шаққанда 88,1%-ға жеткен. Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда жасы 100-ден асқан жапон әйелдерінің саны 1321-ге көбейген. Ал жасы 100-ден асқан ер-азаматтардың қарасы – 8463, өткен жылғыға қарағанда 132-ге көбейген.