Қартайған халықтың қасіреті: тек мигрнаттар есебінен ғана өсіп отырған ел
Қартайған халықтың қасіреті: тек мигрнаттар есебінен ғана өсіп отырған ел
6 жыл бұрын 2924 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Немістердің федералды статистикалық басқармасының келтірген дерегіне қарағанда, Германия халқының саны соңғы жылдары тек мигранттар мен босқындар есебінен ғана өсіп отыр. Ал байырғы халық – немістер өз жерінде отырып, жылдан жылға, тұрақты түрде кеміп келеді. 2016 жылы немістерден туу көрсеткішіне қарағанда 118 000 адам көп өлген. Бұл шығынның орны аталған елге ағылған 498 000 мигрант пен босқынның есебінен толтырылған. Нәтижесінде халықтың өсімі 346 000 адамды құраған болатын. 2015 жылы Германия аумағындағы шетелдіктер үлесі 10,5%-дан 11,2%-ға дейін артқан. Тағы бір айта кететіні, бұл тенденция (шетелдіктер үлесінің артуы) тұрақты сақталып келеді. Өткен жылы, яғни, 2017 жылы немістердің арасында өлім-жітім туу көрсеткішінен 190 000 адамға артып кеткен, алайда, елге келген 450 000 шетелдік есебінен бұл олқылықтың орны толтырылды. Десе де Германия мұсылман еліне айналып барады деп даурығып,  дабыл қағушылардың мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Бұл елге келген жүздеген мұсылман, негізінен шииттер ешкімнен қымсынбай, ашықтан-ашық шоқынып, христиандықты қабылдап жатыр. Неміс қоғамына сіңісуі үшін. Исламнан бас тартпаған мұсылмандардың өзі қоғамның, ортаның әсерімен өздерінің байырғы сипатынын біртіндеп айырылып барады. Яғни, мәдени және идеологиялық қыспақтан. Бір шындық: ол Германия экономикасы мигранттар есебінен тоқырамай отыр. 

0 пікір
Мұрағат