Қартайған халықтың өмір сүру ұзақтығы рекорд орнатты
Қартайған халықтың өмір сүру ұзақтығы рекорд орнатты
4 жыл бұрын 2731 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапониядағы ерлер мен әйелдердің өткен жылғы өмір сүру ұзақтығына қатысты ақпарат жарық көрді. Яғни, 2019 жылы жапондық ерлер арасында да, әйелдерде де өмір сүру ұзақтығы рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл жайында күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мәлім етті. 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өткен жылы жапондық ер-азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 0,16 жылға артып, 81,41 жасты құраса, әйелдер арасында бұл деңгей 0,13 жылға артып, 87,45 жасқа жеткен. Жапондық әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы осылайша, міне, сегізінші жылдың жүзі болды, жыл сайын қатарынан рекорд жаңартып келеді. Әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Жапония тек Гонконгты алға жіберіп екінші орыннан көрінсе, ерлер көрсеткіші жөнінен Гонконг пен Швейцариядан кейінгі орынға табан тіреген екен.

0 пікір
Мұрағат