Қарт анасы мен әкесін арқалаған жігітке түріктердің қандай қатысы бар? (фото)
|
Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдың жаз мезгілі Мяньмадағы азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандар үшін ауыр болғанын. Өз атажұртында отырған олар жергілікті будда радикалдарынан қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық көріп, ақырында көрші елдерге бас сауғалап, босып кеткенін талай мәрте айтқан едік. Естеріңізде болса, сол кезде "хитқа" айналған, өздігінен жүріп-тұрудан қалған ата-анасын арқалап, шекара асқан мына жас жігіттің әрекетіне сүйсінбеген жан жоқ. Енді бұл жігітке түріктердің қандай қатысы бар дейсіз ғой? Түркияның Yeni Şafak ақпарат көзі жазғандай, әл-дәрмені жоқ ата-анасын арқалап, жеті күн жол жүріп, Кутупалонгтегі босқындар лагеріне аман-есен жеткізген Мұхаммед Аюб есімді жас жігітке түріктер қолұшын созған екен. Босқындар лагеріне келген соң көп ұзамай әкесі дүние салады. Ал сал болып қалған анасы Әсияға түріктердің адам құқығы мен еркіндігін қорғау және гуманитарлық көмек қоры медициналық жәрдем көрсетті. Аталған қордың белсенділері Әсияны Бангладеште Түркияның денсаулық сақтау министрлігі салған "Сахра" емханасына жатқызады. Бұдан бөлек, тегін мүгедектер арбасын тарту етеді. Жас жігіттің өзі де медициналық жәрдем алады. Олардың азығын, тұрмыстық бұйымдарын және киім-кешегін өз мойнына алған аталған қор мұнымен ғана шектеліп қалай Аюб отбасына баспана тұрғызып бермек.