|
Қарны ашқан жұмыссыздарға тамақ ұрлауға рұқсат етілді
|
Ашыққаннан амалсыз азын-аулақ тамақ ұрлау Италияда енді қылмыс деп саналмайды. Осылайша үйі-күйі жоқ украиналық азамат Роман Остряков супермаркеттен 4,07 еуроға ірімшік пен шұжық ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылмайтын болды.
Аталмыш азамат 2015 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталып, алты айға түрмеге қамалған. Бұдан бөлек 100 еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.
Италиялық БАҚ сот шешіміне оң көзқарастарын білдірді. La Stampa басылымының жазуынша, енді "аман қалу құқығы" "меншік құқығынан" жоғары тұрады. Бұл үкім "тіпті төменгі тап адамдары да аштан қатпауы керектігін" бәрінің есіне салады.
Corriere Della Sera мәліметтеріне сәйкес, Италияда күніне 615 адам күнделікті жейтін нанын таба алмай отыр
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады