Қаржысы жеткенімен, туыстары кедей болса, ондай адам қажылыққа жіберілмейді
Қаржысы жеткенімен, туыстары кедей болса, ондай адам қажылыққа жіберілмейді
4 жыл бұрын 7869 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда осы жылдың желтоқсан айының 1-нен бастап қажылыққа барушыларға қойылатын талаптарды реттейтін жаңа ереже қолданысқа енеді. Қазан айының 12-сі күні Қытайдың дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы жариялаған «Ислами қажылықты реттеу шаралары» деп аталатын ереже 42 баптан тұрады. Аталмыш ереже талаптарына сәйкес бұдан былай қажылықты мемлекеттің қатаң қарамағындағы Қытайдың ислами қауымдастығы ұйымдастырады. Сондай-ақ, қытай мұсылмандары өмірінде тек бір-ақ рет қажылыққа бара алады. Ереже талаптары бойынша. Бұл жайында islam.kz порталы Bitter Winter ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал Қытайдың ислами қауымдастығын елемей өз бетінше немесе басқа ұйымдардың көмегімен қажылыққа барғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалады, яғни, заңмен қудаланады. Ал аталған мемлекеттік қауымдастығы арқылы қажылыққа бару үшін арнайы сайтқа тіркеліп, қаржылық жағдайының келетінін дәлелдеуі тиіс. Бұдан бөлек, туған-туыстары кедейшілікте өмір сүріп жатса, қажылыққа барушының қаржылық мүмкіндігі барына қарамастан қасиетті сапарға аттана алмайды. Ол ол ма, Қытайдың қауіпсіздік күштері қажылыққа барғысы келетіндердің қоғамдық және діни өмірін түгел тексереді. Осы тексеруден өткендер ғана, яғни, қандай да бір оғаш істерімен немесе келеңсіз әрекеттерімен көзге түспеген адам ғана қажылыққа жіберіледі.

0 пікір
Мұрағат