Қарап жүріп-ақ «қара тізімге» енуге болады
|
Авайса Саджад атты діндес бауырымыз АҚШ-тың федералды тергеу бюросының үстінен сотқа шағым түсірді.
Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылдың қыркүйек айында ол Джон Кеннеди атындағы әуежайда Пәкістанға ұшатын ұшаққа отырады. Оны сол жерде Федералды тергеу бюросының қызметкерлері тоқтатып, тексереді. Алайда, біршама уақыт өткен соң Федералды тергеу бюросы оған арнайы қызметте тыңшы болып жұмыс істеу турасында ұсыныс білдіреді. Есесіне оған қаржылай көмектесіп, АҚШ азаматтығын алып беруге уәде етеді. Онымен қоймай Федералды тергеу қызметкерлері «қара тізімге» кімдерді енгізетінін біз айтып отырамыз дейді.
Обал-сауапты білетін шынайы мұсылман Авайса Саджад олардың бұл ұсынысынан бас тартады. Айтқандарына көндіре алмаған Федералды тергеу қызметкерлері Авайсаның өзін «қара тізімге» енгізеді. Осыдан кейін мұсылман бауырымыз сотқа жүгінуге тура келген екен.