Қара топырақ заңмен қорғалады
Қара топырақ заңмен қорғалады
3 жыл бұрын 2762 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың заң шығарушы органы елдегі астық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында мемлекет тарапынан тұрақты қаржыландыру әрі мақсатты түрде қорғау ұйғарылатын қара топырақты қорғау туралы заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың солтүстік-шығыс өңірінде орын тепкен Хейлунжан, Жылын және Лионин провинцияларында, сондай-ақғ Ішкі Моңғолия автономиялық ауданының кей аймағында кездесетін қара топырақта өндірілетін астық елдің жалпы астық өндірісінің төрттен бір бөлігін құрайды, яғни, аталған өлкедегі қара топырақтың Қытайды азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор. Алайда, жылдар бойы шамадан тыс пайдаланылған мелиорация топырақтың құнарлылығын жойып, оның қара топырақты қабатын жұқартқан, осылайша халық саны көп аталған елдің экологиялық қауіпсіздігіне және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қауіп төндіруде. Қара топырақты қорғау үшін мемлекеттік инвестиция тартудан бастап, инженерия, агротехнология, агротехнология және биология салаларындағы кешенді шаралар қажет, делінген заң жобасында. Аталмыш заң жобасында көздегендей, қара топырақта жүйелі, кезеңді және мақсатты түрде жақсырақ қорғау және қалпына келтіру үшін қара топырақтың буферлік аймағының ауқымы оның бұрынғы мелиорациясына да, ағымдағы пайдалануына қарай дұрыс белгіленуі және реттелуі керек. Сондай-ақ, қара топырақты аймақтарда топырақ эрозиясына жол бергендерге тиісті заңдар мен ережелерге сәйкес қатаңырақ жаза қарастырылған. Қытай ауыл шаруашылығындағы стратегиялық маңызға ие аталған заң жобасының бірінші оқылымы 2021 жылдың желтоқсан айында, ал екінші оқылымы осы жылдың сәір айында болды.

0 пікір
Мұрағат