Қаптаған тыйымның астында тұншыққан ел...
Қаптаған тыйымның астында тұншыққан ел...
6 жыл бұрын 4920 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сыртқы саясатын бейтараптыққа құрған Түркіменстан әлем қауымдастығын әлі күнге таңқалдырып келеді. Жаңашылдығымен, технологиясымен емес, кері тартқан орта ғасырлық жөнсіз тыйымдарымен. Түркіменстан авторитарлы ел. Міне, бірнеше жылдың жүзі болды, елде қара түсті әрі көлемі 3,5 литрден асатын қозғалтқышы бар автокөліктерге тыйым салынған. Өткен жылдың соңына таман ел аумағында шымқай қара түсті машина жүргізуге қатаң тыйым салынды. Бастапқыда ел билігінің бұл тыйымның астарын жергілікті климат ерекшелігіне, яғни, аптап ыстыққа байланыстырып, жорыған болатын. Бірақ... "Қара түс сәтсіздік әкеледі" деген ырымшыл мемлекет басшысының сөзінен кейін... (бәрі түсінікті шығар!). Бұдан бөлек, 2017 жылдың желтоқсан айында автоинспекция қызметкерлері автокөлік жүргізетін әйелдерге шүйлікті. Ақырында әйелдердің жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылатын жаңа заң жобасы қолға алынды. "Бақсақ, бақа" демекші, елдегі жол-көлік апаттарына бірыңғай әйелдер кінәлі болып шыққан. Бұл тарапта Саудия ұзақ жылдар бойы әйелдерді автокөлік жүргізуге тыйым салып келген еді. Аталған араб елінде әйелдердің автокөлік жүргізуге әйелдерге рұқсат берілгеніне көп уақыт өте қоймаған. Тағы бір тыйымды қолға алған Түркіменстан билігі кеденнен тырнақ, кірпік жалғайтын, шашты түрлі-түсті бояуға арналған заттарды өткізбеуге пәрмен берді. Мақұл, мұнысы жөн делік, тырнақ, кірпік жалғау басы артық әуре. Енді несімен таңқалдырар екен деп отыр әлем қауымдастығы. 

 
0 пікір
Мұрағат