|
Қап тауы елі сайлау кодексіне бұрын-соңды болмаған өзгеріс енгізбекші
|
Грузия парламенті шетелде тұратын грузин азаматтарының сайлау кезінде қашықтан дауыс беруіне тыйым салу қарастырылған сайлау кодексін әзірлеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы ҮeniSafak ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа сайлау кодексінде көзделген талаптарға сәйкес шетелдегі грузин азаматтары тек отанына келгенде ғана дауыс бере алады. Осылай деп мәлімдеген парламент жетекшісі Шалба Папуашбили биліктің мұндай қадамға не үшін барып отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, шетелдегі грузин азаматы елге қауіпті немесе саяси ығында кетіп, қандай да бір ықпалдың жетегінде болады. Міне, осындай себеппен шетелде жүрге грузин азаматтары елдің болашағы үшін маңызы зор саяси додада дауыс беруден шеттетіледі. Десе де бұл ережеге сын айтқан наразылық білдірушілердің уәжінше, мұндай шара ел азаматтарының ең басты құқығын шектейді, яғни, мемлекет болашаған айқындауға қатысты мүмкіндігін шектейді.