Қап тауы елі Рамазанда ішімдік саудасына толық тыйым салады
Қап тауы елі Рамазанда ішімдік саудасына толық тыйым салады
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дағыстан билігі қасиетті Рамазан айында ел аумағында ішімдік саудасына толық тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Российская газета» мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, спиртті ішімдіктің бөлшек саудасына бір ай бойы басыбүтін тыйым салынады. Мұндай шектеу ақпан айының 19-нан наурыздың 20-на дейін созылады. Алкогол өнімдерінің саудасына тыйым салынғаны жөнінде дүкен қожайындарына ескертіп жатыр. Мақашқала (Дағыстан астанасы) әкімшілігінің қызметкерлері мен сауда-саттық, жарнама және тұтынушылар қызметі басқармасының өкілдері ішімдік сатумен айналысатын сауда орындарында рейд жүргізіп, тексеру әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шара ораза айы біткенше жалғасын табады. Бұл талапқа құлақ аспағандарына әкімшілік айыппұл салынып, тауарлары тәркіленеді.

0 пікір
Мұрағат