Қаңырап тұрған 50 млн пәтердің сұмдығы немесе Қытай көбігінің қатері
Қаңырап тұрған 50 млн пәтердің сұмдығы немесе Қытай көбігінің қатері
6 жыл бұрын 8355 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылдың өзінде әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары "әлемдік экономика тағдыры Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығындағы көбікпен байланысты өрбиді",- деп ұлардай шулап еді. Түсінікті болу үшін нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, соңғы жылдары экономикасы қарқынды дамыған Қытайдағы орта тап (ел экономикасының негізгі қозғаушы күші) өкілдері өздерінің жиған-терген байлығын көз алдында қолмен ұстап көретіндей "сезінуі" үшін, яғни, сенімді болуы үшін, айналып келгенде ел экономикасына ақша құюы үшін әрі қарыз алып, қаржының айналымын қамтамасыз етуі үшін тұрғын үйлер көптеп салынды, Әсіресе, қалалық типтегі тұрғын үйлер. Ал АҚШ байларына өздерінің дәулетінің өскенін білу үшін қор нарығы жетіп жатыр. Қытайлар секілді нақты бір көзге көрінетін немесе қолмен ұсталатын затқа байланып қалмаған. Қор нарығы - олардың дәулетінің баорметрі. Қытай байлары өз активтерінің төрттен үшін америкалық әріптестеріне қарағанда 28%-ға артық жылжымайтын мүлікке салады. Қалғанын қаржы активтеріне салады. Қытай билігі мұны білгендіктен тұрғын үй нарығын жандандырып отыратын, алайда, қолдан басқарылатын шараларға жиі жүгінуге тура келеді. Дәл қазіргі уақытта Қытай билігі тұрғын үй бағасының тұрақтылығына қол жеткізе алды. 

 

Тұрғын үй бағасы - Қытай экономикасының негізгі өсу факторларының бірі. Өйткені, инфрақұрылымға жұмсалған шығын алдын ала болжанатын жалпы ішкі өнімнің маңызды компоненттерінің бірі. Десе де оның бір кері нәтижесіне жалпы ішкі өнімнің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу үшін салынған "елес-қалаларды жатқызуға болады. Қазіргі уақытта алалық тұрғын үй қорының шамамен 22%-ы немесе 50 млн пәтер қаңырап тұр. 

 

Себебі біреу-ақ, ұсынысты қолдан төмендетіп, бағаны жасанды жолмен көтеру. Бұған ең алдымен алаяқтар мен алыпсатарлар кінәлі. Жеңіл ақшаға құныққандар екі ортада алаяқтық жолмен ақша тауып жүр. 

 

Елдің экономикалық әрі әлеуметтік тұрақтылығын сақтау үшін China Household Finance Survey аясында елдің 363 округынде зерттеу жүргізіп көрген екен. Нәтижесі көрсетіп бергендей, 2013 жылдан бері жағдай өзгермеген: қаңырап тұрған үй қарасы 22,4%-ды құраған. Қытай билігі тұрғын үй нарығындағы алаяқтықтың жолын кесу үшін түрлі тәсілдерді қолданып көріп жатыр. Соның бірі - тұрғын үй бағасын бірнеше рет сәл төмендетіп көрді - сол сәтте миллиондаған пәтерді "пышақ үстінен" бөліп әкетті. Алаяқтар мен алыпсатарлар. Осыдан аузы күйген Қытай билігі сатуды шектеуге мәжбүр болды. Өйткені, миллиондаған тұрмысы төмен қытай азаматы баспанасыз қалатын болғандықтан. Ал олар баспанамен қамтылмай экономика алға баспайды? Олар бар жиған-тергенін айналымға жібермей қалтасында сақтағанды жөн көреді. Бір баспанаға қол жеткізу үшін. Қытай билігі, тіпті, осыған байланысты мәлімдеме жасауына да тура келген еді: "Тұрғын үй сатып үстінен пайда табу үшін емес, онда тұру үшін салынған" деп. Қытайдың тұрғын үй нарығындағы алаяқтардың кесірінен бағаның өсуі өз кезегінде несие, яғни, қарыз алушылардың қарасын көбейтіп жіберген. Caixin есебінше, Қытайдағы ипотекалық қарыз 9 жыл ішінде 7 есеге артып кеткен: 2008 жылы 3 трлн юаннан (430 млрд доллар) 2017 жылы 22,9 трлн юанға дейін. Биыл, қыркүйек айының соңындағы қорытынды бойынша ипотекалық несие бағасы рекордтық деңгейге жеткен - 18% 24,9 трлн юан). Бұл өз кезегінде бірнеше миллиондаған адамды ипотека құлына айналдырды. Тұрғын үй нарығындағы бұл көбіктен үй шаруашылығының қарызының жартысынан астамын ипотека несиесі құрап отыр. Биыл үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 53% немесе үй шаруашылығы қарызының 46,2 трлн юанын құрап отыр. Қалалық отбасылардың жалпы алғанда активтерінің 70%-ы жылжымайтын мүлікке салынған. Бұл тек байлақ көрсеткіші емес, сонымен қатар, мәртебеге айналды. Бір айтарымыз, Қытай билігі тұрақтылықты сақтағандай болып отыр, қоғамның наразылығын тудырмасы үшін.  

0 пікір
Мұрағат