Қантты арақ-шарап пен темекі өнімдеріне "теңестіруді" талап етуде
Қантты арақ-шарап пен темекі өнімдеріне "теңестіруді" талап етуде
7 жыл бұрын 4333 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Неміс дәрігерлері Германия федералды республикасының канцлері Ангела Меркелден қантқа арақ-шарап пен темекі өнімдеріндегі секілді акцизді көтеруді талап етуде. Нақтырақ айтқанда, 2 мың неміс дәрігері қол қойған, Ангела Меркелдің атына жолданған ашық хатта қанттың қаупі тарқатылған. Яғни, семіздік індетінің кеңінен етек алуына байланысты арақ-шарап пен темекі өнімдері секілді харам нәрселермен қатар қантқа салынатын салықты көтеруді талап етуде. Сөз орайы келгенде айта кету керек, сусамыр мен семіздікке ұрындыратын лимонадқа акциз енгізген Ұлыбритания билігінің әрекеті немістерге де ой салып отыр. Жағымсыз сипат алған, дені сау ұлтты ауру қылатын қантты тұтыну көрсеткішімен мемлекеттік деңгейде күресу өзекті мәселеге айналған. Олай болмаған жағдайда, семіздік пен сусамырды тоқтатып, аталған дерттердің бетін қайтару мүмкін болмай тұр. Тарқатып айтқанда, бұл ашық хатқа 1300 балалар дәрігері, 222 диетолог және 58 медик профессор қолдарын қойған. Бұған қоса, олардың бұл бастамасын елдегі медициналық қызметкерлердің 15 бірлестігі қолдап отыр. Олардың ішінде балалар және жасөспірімдер дәрігерлерінің кәсіби қауымдастығы (BVKJ), немістердің диетологтар қоғамдастығы (DDG) және тағам өнімдері саласындағы тұтынушылар құқығын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес Foodwatch ұйымы бар. Сондай-ақ, ел парламентіндегі денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты фракция сарапшысы Сабине Диттмар (Sabine Dittmar) қантқа салықты көтеру шарасы артық салмақпен күресуде көмектесетінін алға тартып отыр. Ол бұл сөзін Мексикадағы тәжірибеге сүйене айтты. 

0 пікір
Мұрағат