|
Қаңтардың 1-нен бастап түнгі уақыттағы электр энергия тегін болады
|
Бұл жайында Моңғолия мемлекетінің премьер-министрі Ж.Эрдэнэбат мәлімдеді. 2017 жылы Монғолияның билік өкілі астанадағы ауа сапасын жақсартуды, аудандарды электрмен жабдықтауды қамтамасыз етіп, электроэнергияның тарифын нөлге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл тариф 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Монғолияның премьер-министрі Жаргалтулгын Эрдэнэбат ұлттық комитеттің отырысында ауаны тазалауға тиімді шараларды қолдану керектігін де алға тартты. Монғолияның ұлттық комитетіне ауаның ластану көрсеткішін төмендетуге байланысты 2017 жылы мемлекет қаржысынан 5 млрд. ($2 млн) тугрик бөлінді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
■
Цифрлы технология мұсылман елінің экономикасына серпін берді