“Қан жұққан дәке таңған” туристер Түркияға 10 млн доллар тастап кетті
“Қан жұққан дәке таңған” туристер Түркияға 10 млн доллар тастап кетті
8 ай бұрын 936 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Медициналық туризм өркен жайған Түркияда косметологиялық туризмнің алар орны ерекше. Дегенмен, аталған елге осы мақсатта барып, алаяқтарға алданып қалған туристердің өзі өткен жылы жалпы сомасы 10 млн долларынан “айырылған”. Бұл жайында islam.kz порталы tourprom.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте Түркияда кәсібиліктен жұрдай алаяқтардың құрбаны болған туристерді «қан жұққан жәке таңған туристер» деп атап кеткен. Шаш қондыру, мұрын түзеу, әжімді кетіруге арналған бет терісін тарту процедурасы, липосакция, т.б. эстетикалық процедуралар, яғни, пластикалық хирургия Түркияның медициналық туризімін жандандырып келеді. Бұдан бөлек, кардиология мен стоматология салалары да медициналық туризмде жетекші орынға шыққан. Түркиядағы стоматологиялық процедура Германия мен Ұлыбритания секілді еуропалық елдерден келген пациенттер арасында кеңінен танымал. Неге Түркияға үйір шетелдіктер? Әсіресе, еуропалықтар мен Таяу Шығыс аймағынан келген туристер қарасы көп бұл елде. Түркияға сырқатына ем іздеп келетін труистер қарасы 2 млн-дай адамды құраған. Ал 2022 жылы медтуристер саны 1,4 млн адам шамасында болған екен. Бұған ең алдымен Түркиядағы медициналық қызметтің салыстырмалы түрде арзандығы себеп болса, екіншіден, сапасы. Дегенмен, бұл салада да алаяқтар қырауар пайда тауып жатады. Әдетте шетелдік туристер пластикалық хирургияның құрбаны болып жатады. Биыл Түркия медициналық туризм секторынан 12 млрд табыс табуды мақсат етіп отыр. Сауықтыру туризмі, әсіресе, Стамбұлда өркен жайған. Аталған мегаполисте сауықтыру туризміне қатысты 1 млн-нан транзакция жасалған екен. Бұл қалада туристерге пластикалық хирургия, офтальмология, стоматология, т.б. қызметтер ұсынылады.

Туристы с окровавленными бинтами на головах оставили в Турции 10 миллиардов долларов

0 пікір
Мұрағат