Қалтасындағы айфон өртенген адамды күйік шала жаздады
Қалтасындағы айфон өртенген адамды күйік шала жаздады
10 жыл бұрын 2861 24.kz Г.Абилова

Гаджет адам өміріне қауіп төндіреді деп кім ойлаған? Атланта штатында супермаркеттен шығып, заттарды көлігіне жайбарақат тиеп жатқан ер адам аяқ астынан шалбарының алдыңғы қалтасынан бір нәрсенің күйдіріп бара жатқанын сезеді. Дереу шалбарын шешіп, өзінен алысырақ жерге лақтырған америкалық жігітті, абырой болғанда, күйік шалған жоқ. Тек іш киімі жыртылды. Сөйтсе, оның қалтасына салған iPhone 6S смартфоны өртеніп, одан түтін бықси бастаған екен. Оның тек шұғыл әрекет етуінен ғана денесіне зақым келіп үлгірмеген. Белгілі болғандай, жігіт iPhone 6S смартфонын қазан айында жөндеуден өткізген. Бірақ, мұнымен ақау түзелмесе керек. Бір айта кететін жәйт, Apple компаниясы оқыс оқиғаға байланысты ешбір түсініктеме берген жоқ, деп жазады informing.ru.

0 пікір
Мұрағат