Қала тұрғындарының төрттен бірі қаңғыбасқа айналған және оларды араның ұясына тұруға шақырды
|
Америкалық Framlab компаниясы Нью-Йорк мегаполисінің үйсіз-күйсіз қаңғыбастарына арнап тұрғын үй жобасын әзірледі. The Dezeen ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, қаңғыбастарға арналған үйдің кейбір деталдары 3D-принтерінде басылып шыққан. Сыртқы пішіні араның ұясына ұқсайды. Сәулетшілер бұл капсулдарды құрылыс тіреу ағаштарының көмегімен тұрғын үйлерге жапсарластырып бекітуді ұсынып отыр. Мұндай үлгіде шомылатын бөлмені де жабдықтауға болатынын айтып отыр. Аталмыш жоба авторлары мұндай капсулалар бірнеше жыл тұруға жарамды екенін айтып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, New York Daily News ақпарат көзінің айтуынша, Нью-Йоркте соңғы төрт жыл ішінде үйсіз-күйсіз қаңғыбастар қарасы қала тұрғындарының санына шаққанда 23 пайызға артқан. Яғни, қала тұрғындарының төрттен біріндей болады.